$ 449.58  486.94  4.86

Алматы облысында жолаушылар автобусы жанып кетті

 Алматы облысының Іле ауданында, Алматы-Астана автожолында жолаушылар автобусы өртенді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға 22 мамыр күні кешкі тоғыздар шамасында, автомагистральдың 56-ші шақырымында болған.

«Чапаев ауылының маңында «VANHOOL» маркалы автобус өртенген. Ол Жезқазғаннан Алматыға коммерциялық рейспен келе жатқан. Өрт 22:24-те ауыздықталып, 23:10-да толықтай сөндірілді», - деді ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, автобуста 8 адам болған. Олардың барлығы өрт кезінде автобустан өздері шығып үлгерген. Құрбан болғандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары