$ 444.32  473.33  4.76

Ақтөбе мешіттері «Тегін нан тарату» акциясын ұйымдастырды

Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес қасиетті Рамазан айының құрметіне Ақтөбе мешіттері тегін нан тарату акциясын ұйымдастырды, деп жазады ҚМДБ-ның ресми сайты.

Бастамаға барлық қала мешіттері сондай-ақ, аудан, ауыл мешіттері үлес қосуда. Мешіттердің атынан әр дүкенде күніне 20-30 нан тегін таратылуда. Жалпы акция барлығы 20 дүкендер мен мешіттерде жүзеге асуда. Игі іс Рамазан айы бойы жалғасатын болады.

Соның ішінде, бастамаға жергілікті кәсіпкерлер де ат салысуда.  Мәселен, Хромтау ауданындағы «Сәнді» дүкенінің иесі жұма сайын 100 нанды тұрғындарға тегін үлестіреді. Сонымен қатар Дөң ауылының кәсіпкер азаматы да халық үшін қайырымды іс қылуда.

Дереккөз: talgargazeti.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары