$ 443.85  474.3  4.8

Солтүстік Қазақстан облысында үсік жүреді

28 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы бойынша, ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Солтүстік қазақстандықтардың ұялы байланыстарына 112 қызметінен хабарлама келген. Өңір тұрғындарына дүйсенбі, 28 мамырда желдің жылдамдығы күшейіп, екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкіндігі жөнінде ескерту жасалды. «-1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 мамыр күні түнде Ақмола облысында қар жауды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары