12.06.2018, 09:17

Қапшағайдағы казинодан 400-ден аса жұмысшы ақшаларын ала алмай жүр

Қапшағайдағы «Алтын Алма» казиносының жұмысшылары үш айдан бері жалақыларын ала алмай жүр. Айтуларынша, 420 адамның ала алмай жүрген ақшасы 120 миллион теңгеге жетеді  деп жазады ҚазАқпарат.

Шарасыз күйде қалған тұрғындар Қапшағай қалалық әкімдігіне барып, жергілікті биліктен көмек сұрады. Ал шаһар басшысы Талғат Қайнарбековтің  сөзінше, бұл казиноның 4 құрылтайшысы бар. «Сол құрылтайшылардың арасында ауызбіршілік жоқ. Сондай-ақ,  еңбекақыларын ала алмай жүрген жандардың көбісінің аталған мекемемен келісімшарттары жоқ», - деді Т. Қайнарбеков.

Енді бұл мәселеге қала билігі мен прокуратура қызметкерлері араласады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.