$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте нәрестенің өлі денесі табылды (ВИДЕО)

Бүгін Шымкентте таңғы сағат 4-те жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды деп хабарлайды TVK арнасы.

Таңертең намазға бара жатқан ер адам аула маңынан ақ дәкеге оралған сәбидің өлі денесін көрген. Нәрестенің анасы баланы жақын маңдағы жерде босанған болуы мүмкін. Себебі, нәрестенің айналасы қан тамшыларына толған.

Полиция қызметкерлері баланың басындағы жарақатты анықтады. Сәби ол жарақатты туылған кезде алуы да мүмкін деген болжам бар. Бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізіп, құқық қорғаушылар көршілерден сауалнама жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары