$ 449.58  486.94  4.86

Алматыда автокөлік электр бағанына соғылып, бір адам жарақат алды

Алматыда «Golf» автокөлігі электр бағанына соғылып, салдарынан жолаушы жарақат алды деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Кеңсай ауданы маңында болған. Куәгерлердің айтуынша, Golf автокөлігі солтүстік бағытқа қарай төменге түсіп келе жатқан. Тізгінге ие бола алмаған автокөлік жүргізушісі электр бағанына соғылған. Соққының салдарынан электр бағаны қисайып, көлік ішіндегі жолаушы әйел жарақат алды. Автокөлік иесі дін аман, жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиғаның жай-жапсарын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Арайлым Жолдасбай

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары