$ 448.89  477.93  4.76

"Китайское качество": Астана - Алматы тас жолын қытайлық компания жөндейтін болды

Қытайлық мердігерлер Алматы - Астана тасжолын жөндеу жұмыстарына кірісті  деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазавтожол" ҰҚ АҚ мәліметінше, Алматы облысында Құрты-Бурылбайтал тасжолының 2214-2295-шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы аумағы 81 шақырымға созылған.

"2017 жылдың қарашасында Sinohydro Corporation Limited ( КХР) мердігерлік компаниясы қызметкерлерді мобилизациялауды бастады. Құрылыс кестесіне сәйкес,  қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады "Қазавтожол" АҚ баспасөз қызметі.

"Бүгінде тасжолдың 2252-2275-шақырымында (23 шақырым) және 2152-2214-шақырымында (62 шақырым) асфальтбетондар жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарына қатысты негізгі жұмыстар 2018 жылдың мамыр айына жоспарланған болатын", - деп хабарлады компаниядағылар.

Сондай-ақ, Құрты-Бурылбайтал тасжолының бір учаскесі қайта жөнделетіні айтылады - Жамбыл облысы жақта 2152-шақырымнан 2152-шақырымға дейін. Айта кетейік, бас мердігер "Todini&SMS" (Италия/Қазақстан) компаниясы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары