$ 446.49  475.38  4.79

Головкин "Канелоны" нокаутқа түсіреді – Абель Санчес

Абель Санчес 15 қыркүйектегі жекпе-жекте қазақстандық Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті нокаутқа түсіреді деген ойда деп жазады Vesti.kz.

Алайда бапкер бұл үшін Альварес бірінші жекпе-жектегідей қашып жүрмей, бетпе-бет келіп жұдырықтасуы керектігін айтады.

"Канело" қашуын доғарып, Головкинмен нағыз айқасқа барамын деген сөзін орындайды деген үміттеміз. Головкин шабуыл жасайды. Әдеттегідей. Альварес сөз бергендей жұдырықтасса, Головкин оны нокаутқа түсіреді.

15 қыркүйекте жанкүйерлерге ұмытылмас, классикалық, тариха кіретін жекпе-жек сыйлаймыз деген ойдамын. Адамдардың есінде ұзақ уақыт сақталатын жекпе-жек, өйткені бұл күні Головкин "Канелоны" нокаутқа түсіреді", - деп мәлімдеме жасады Санчес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары