$ 449.58  486.94  4.86

Бүгінге дейін қайда болғаны белгісіз... Өскеменде жоғалып кеткен бозбала табылды

Өскеменде он күн бұрын жоғалып кеткен Риддердің 18 жастағы тұрғыны табылды. Ол анасына қоңырау шалып, аман-есен екенін және жақын арада үйге оралатынын айтқан, деп жазады ҚазАқпарат.

Стоматологиялық колледжде оқитын Александр Козьмин 4 маусым күні Өскемен қаласына жұмыстарымен кетіп, із-түзсіз жоғалған болатын. Оны іздеуге еріктілер мен полиция қызметкерлері жұмылды. Бозбаланың фотосуреті мен ерекше белгілері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылды.

Ал 14 маусым күні Саша отбасына өзі қоңырау шалған. Алайда осы уақытқа дейін қайда жүргенін нақты айтпаған. Бүгін анасы Екатерина оны алып кету үшін Өскеменге жолға шыққанын хабарлады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары