$ 448.15  483.46  4.86

Мәскеуде қырғыз азаматы такси көлігімен бірнеше адамды қағып кетті

Сенбі күні Мәскеудің орталығында жолдың жаяуларға арналған бөлігіне шығып кеткен такси көлігі қаққан жеті адамның арасында шетелдіктер де бар деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі. Мексиканың Мәскеудегі елшілігі Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында бұл оқиғадан зардап шеккендер арасында "болмашы" жарақат алған екі мексикалық азамат барын және олардың "жағдайы тұрақты" екенін хабарлаған.

Мәскеу қаласының полициясы такси жүргізуші рульге ие бола алмай қалып, көлік Қызыл алаңға жақын маңда тротуарға шығып кеткен болуы керек деп түсіндірген. Бұл алаңға Ресейде өтіп жатқан әлемдік футбол чемпионатын көруге келген шетелдіктер көп барады. Төтенше оқиға салдарынан қаза болғандар жоқ, зардап шеккен жеті адам ауруханаға жеткізілген.

Оларды қаққан такси жүргізушісі – Қырғызстан азаматы ұсталды, ол көшедегі жұртты абайсызда қаққаны туралы айтады деп хабарлайды Мәскеу полициясы. Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы оқиға орнынан түсірілген суретті Twitter-парақшасында ақпарат жариялаған.

Mash басылымы Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жариялаған бейнебақылау камерасындағы видеоға сары түсті автокөліктің кенеттен жолдан кілт бұрылып, жаяуларға арналған бөліктегі адамдарды қаққаны түсіп қалған. Оқиғаға куә болған бірнеше адам көлік жүргізушісін ұстамақ болғанымен, ол қашып кеткен.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары