$ 448.89  477.93  4.76

Камбоджа ханзадасының әйелі жол апатынан қаза тапты

Камбоджа ханзадасының әйелі Оук Пхалла елдің оңтүстігінде болған жол көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Жол апаты жергілікті уақытпен 9:00-де Кампонгсаом провинциясында болған. Ақпараттық агенттіктің хабарлауынша, ханзада мен оның әйелі мінген көлік жолдың қарсы бетіне шығып кеткен такси көлігімен соқтығысқан. Оук Пхалланы ауруханаға жеткізгенімен, 3,5 сағаттан кейін ол көз жұмды. Аталған апат салдарынан тағы 5 адам қайтыс болған.

Ал, ханзада Нородом Ренарит болса жеңіл жарақаттармен құтылды.

Ханзаданың әйелі 39 жаста еді. Ал, Нородом Ренарит болса 74-те, ол 2004 жылы қайтыс болған король Нородом Синауктың ұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары