$ 446.49  475.38  4.79

Назарбаев жұмыс күнін қалай дұрыс бастау керек екенін айтты

Қазақстан Республикасы президентінің телерадиокешені Facebook-те Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзінді жариялады деп жазады Sputniknews.kz.

"Күнделікті жұмыс күнімізді дұрыс бастай білу өте маңызды. Елбасының кеңесі бар бұл бейнебаян жұмысқа бар жаныңызды салып істеуге мықты уәждеме болар деп үміттенеміз", — деп жазылған видеоның сипаттамасында.  

"Егер жақсы көрсең, кез келген мамандық сенің бақытыңа айналады. Үш нәрсені ескеру керек: тәртіпке бағыну керек, еңбек ету керек, өз жұмысыңа қанағаттанып, одан ләззат алуға тиіссің. Егер жұмысқа осындай көңіл-күймен баратын болсаң, кез келген жұмысты жақсы көріп істейсің. Ал егер жек көріп тұрсаң, ол саған ауыр соғады", — деп атап өтті Назарбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Назарбаев