$ 445.66  474.58  4.78

Талғарда той: Қытай жігіті қазақ қызына үйленгелі жатыр

Мынау масқара ғой! Қыздарымызға не болған? Қайда бет алып барамыз? Кім тоқтатады мұны? 

Журналист Жолымбет Мәкіштің желідегі жанайқаны бірден-ақ назарымызды аударды. Автордың жазбасын қаз-қалпында ұсынғанды жөн көрдік.

«21 күні Талғарда қытайға байға тиген қазақ қызының тойы болады екен.

Тойды кім дүркіретіп өткізгелі жатқанын білмеймін. Бірақ мынау халықтың әбден мәңгүрттеніп, намыстан жұрдай болғанын көрсетеді.

Есі дұрыс адам қызы кәпірге тигені үшін той жасаушы ма еді! Талғарда қазақтан басқа жиырма шақта диаспора (ұлт) тұрады. Бәрі бізге артын ашып күлетін болды.

Ең жаманы – бұл той енді осы сияқты кейін өтетін басқа тойлардың ең біріншісі болайын деп тұр. Қытайлар келмей жатып қазақтан қыз алып жатыр. Ертең бәрі келіп болғанда демографиялық дүмпу болып жүрмесін!»

Дереккөз: 365info.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары