18.06.2018, 16:50

Иранда "полицейлерді өлтірді" деген адамға өлім жазасы орындалды

Иран билігі күш құрылымдары мен жергілікті сопылық тарихат мүшелері арасындағы қақтығыста үш полицейдің өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған адамға өлім жазасын орындады. Иран сот қызметінің ресми сайтында хабарланғандай, Салас 18 маусым күні таңертең дарға асылған деп жазады Азаттық. 

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Иран билігі бұған дейін оған өлім жазасы орындалуы мүмкін екенін мәлімдеп, Тегеранды өлім жазасын орындамауға шақырған.

"Мохаммед Саласты бүгін таңтертең дарға асқаны туралы қайғыра хабарлаймыз" деп жазды AI Twitter-де.

Ұйым кеше сотталушы Мохаммад Реза Саластың туыстары түрмеге онымен қоштасуға шақыртылғанын айтып, бұл сотталушыға бірнеше сағат ішінде өлім жазасы орындалуы мүмкін деп болжауға негіз болатынын мәлімдеген еді.

Дәруіштер атанып кеткен Гонабади сопылық тариқатының өкілдері 19 ақпан күні Тегеранның солтүстік бөлігінде көтерілген еді. Салас сол күні болған қақтысты автобуспен топ полицейді қағып өтіп, үш полицей қаза тапқан.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.