$ 448.89  477.93  4.76

"Қазақстан азаматтығын әперу керек": Абзал Құспан Қытайда өлім күтіп тұрған Сайрагүлдің тергеуі жайлы айтып берді

Этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбектің қолында жеке басын куәландыратын құжат жоқ. Айтуынша Қытайдың арнайы органдары алып қойған. Сол үшін де Қазақстан шекарасын заңды кесіп өтуіне мүмкіндік болмаған. Қазір оған  368 бап 1 бөлімі бойынша "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылып отыр. Тергеуге қатысқан белгілі заңгер Абзал Құспан қандасымыздың қазіргі жағдайы мен тергеудің қалай өткенін айтып берді. 

"Біз қалай болғанда да Сайрагүл Сауытбайды Қытайға жібермеудің амалын қарастыру керекпіз. Президент жанындағы әкімшілікке хат жолдадық. Оған Қазақстан азаматтығын алып беруіміз керек. Ол пайда көру, ақша табу мақсатында емес, тек қана өз отбасына қосылу үшін шекараны кесіп өтті. Бұны тергеу органдары да жоққа шығармайды. 

Денсаулығы жақсы. Отбасы мүшелері бүгін не ертең Сайрагүлмен кездеседі. Ешқандай қысым жоқ. Істің мән-жайын деталімен айтпауға қол хат жаздым", - деп қысқа қайырды заңгер. 

Сайрагүл Сауытбек дәл қазір Талдықорғандағы тергеу изоляторында. Сот отырысы қашан өтетіні белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары