$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент зообағынан ақша салынған сейфті ұрлап кетті

Кешегі түнде Шымкент зообағының әкімшілік ғимаратына ұры түсті. Суыққолдылар  ақша салынған сейфті көтеріп кеткен.

Облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қарагөзованың мәлімдеуінше осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК «Ірі көлемде ақша ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қылмысты ашу үшін Әл Фараби аудандық ІІБ ЖБ арнайы топ іске кірісті. Оның құрамында жоғары деңгейлі із кесушілер бар.

Дереккөз: Оtyrar.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары