$ 446.49  475.38  4.79

"Үмітім сіздерде": Қытайда өлім жазасы күтіп тұрған Сайрагүл түрмеден жанайқайын жолдады

Қазақстанға Қытайдан заңсыз өткені үшін жауапқа тартылып жатқан қандасымыз Сайрагүл Сауытбай Талдықорған тергеу изоляторынан хат жолдады. Ол көпшіліктен өзіне қолдау білдіріп, Қазақстанда қалуын өтініп сұрап отыр.

«Егер балаларым болмаса мені бұл өмірде ештеңе ұстап тұрған жоқ. Шектеудің не екенін, қыспаққа алынғанының қандай екенін əбден көріп жатырмын. Ол күйінішті сөзбен жеткізу тіпті мүмкін емес.

Елім, жерім, балаларым деп келгенде мұндай қатыгездікке тап боламын деп мүлдем ойлаған емеспін. Менің жан айқайымды еститін адам болса, қолұшын созуларыңызды сұраймын! Ал болмаған жағдайда соқыр, мылқау күйде өміріммен хош айтысудан басқа амалым қалған жоқ. Бостандықта жүрген адамдар азаматтық ала-алмай түсіп жүргенде түрмеде отырып, менің қысқа қолыма азаматтық қайдан тимекші?! Тек бір Алладан үмітімді үзбей келемін» – деп жазған хатында.

Сайрагүлге 68 бап 1 бөлімі бойынша "Шекараны заңсыз кесіп өтті" деген айып тағылып отыр. Бірақ жауапкер бұл әрекетке балаларын көру үшін ғана барғанын айтқан. Ал құжаттарын қытайлық органдардың бірі алып қойыпты.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық белгілі заңгер Абзал Құспан Сайрагүл Сауытбайдың тергеуіне қатысып, оның жағдайының жақсы екенін, президент жанындағы әкімшілікке осы іске қатысты хат жолдағанын айтқан. Хатта Сайрагүлге Қазақстан азаматтығын сұрапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары