$ 449.58  486.94  4.86

Қарағандыда автобус түгелімен жанып кетті

Қарағандыдағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында автобус өртенді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«20 маусым күні сағат 19:26-да «Зональная, 83» мекенжайында өрт шықты деген хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 19:35-те келген кезде үйдің ауласындағы 10 шаршы метр аумақта автобус жанып жатқан. Үйдің маңайы автокөліктермен толығып тұрғандықтан, өрт сөндіру техникасы өртенген автобусқа қарай өтуде кедергілерге тап болды. Құтқарушылар дереу магистральдік желілерді өткізіп, өртті сөндіруге көшкен. Тілсіз жау 19:39-да ауыздықталды», - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алдын ала жасалған болжам бойынша, өрт балалардың отпен ойнауының салдарынан болған. 

Дереккөз: inform.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары