22.06.2018, 18:51

Красноярскіде зейнетақы реформасына қарсы митинг өтті

22 маусым күні Ресейдің Красноярск қаласында жүздеген адам зейнетақы реформасына қарсы билік рұқсат берген митинг өткізді. Акция қаланың тұрғын үйлер орналасқан түкпірдегі ауданында өтті. Акцияға қатысқандар зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петицияға қол жинауды бастады деп жазады Азаттық. 

"Интерфакс" агенттігінің мәліметінше, митингіге шыққандар зейнетке шығу жасын ұлғайтпастан бұрын жаңа жұмыс орындарын ашуды талап етті. Аймақтық кәсіподақ өкілі Сергей Ледовский митинг қарарында елде зейнетақы реформасын дәл Ресей үкімет ұсынғандай түрде жүргізбеу қажеті айтылатынын мәлімдеді. Кәсіподақтар үкіметтің жоспарына балама бағдарламасы барын, оның негізгі пункті - екі миллион жаңа жұмыс орнын ашу екенін айтады.

Наразылар ұстап шыққан плакаттарда "Жұмыста бір кісідей арам қатамыз!", "Замандастарымды кемсітуді доғар!", "Жұмысқа жегілгенше, немере баққан артық" деген ұрандар жазылған.

Ресейдің түрлі қалаларында қазір жаңа митингілер өткізуге дайындалып жатыр. Ижевск тұрғындары маусым мен шілде айларына кем дегенде төрт акция ұйымдастырып жатыр.

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...

Error: No articles to display

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.