$ 449.58  486.94  4.86

Ақтауда 17 жастағы жеткіншек 6 жасар бүлдіршінді қағып кетті

Ақтауда әкесінің көлігін рұқсатсыз айдаған 17 жастағы жеткіншек аулада ойнап жүрген 6 жасар бүлдіршінді қағып кетті деп жазады Tumba.kz.

Оқиға 27-шағынауданындағы 85-үйге қарама-қарсы жерде болған. Toyota Camry көлігінің жүргізушісі аулада ойнап жүрген кішкентай баланы қағып кетіп, өзі оқиға орнынан қашып кетіпті.

Полицейлер күдіктіні көп іздеген жоқ. Ол осы шағынауданның тұрғыны екен, жасы әлі 18-ге де толмаған. Ата-анасының үйде жоқтығын пайдаланып, аулада тұрған көлікті айдамақ болыпты. Алайда, оның бұл әрекеті адам өліміне әкеліп соға жаздады.

Қазіргі таңда жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Оның аяғы сынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары