$ 448.15  483.46  4.86

Қостанайда суға батып бара жатқан үш әйелді құтқарған ер адам отбасының көз алдында мерт болды

Қостанайда ер адам суға батып бара жатқан әйелдерді құтқарамын деп отбасының көз алдында мерт болды деп жазады alau.kz.

Порталдың хабарлауынша, оқиға 7 шілдеде Гагарин плотинасында болған. Куәгерлердің айтуынша, үш әйел селфи жасамақшы болғанда оларға құтқарушылар келіп, қауіпті екенін ескерткен. Құтқарушылар кеткен соң әйелдер шомыла бастаған.

"Олар шомыламыз деп бата бастады. Сол жерде бір отбасы демалып жатқан. Ер адам әйелдерді құтқармақшы болды. Әйелдер қорыққаннан оның үстіне шығып, батыра берді. Оның күші қалмады. Бірақ ол әйелдерді жағаға итеріп, өзі шыға алмай қалды. Ер адам әйелі мен баласының көзінше қайтыс болды", - деді куәгерлер.

Куәгерлердің айтуынша, әйелдерге ескерту жасаған құтқарушылар оқиға болған жерге келіп, қауіпті екенін айтып, шомылуға тыйым салынған жерден кетуді өтінген.

Дереккөз: Тengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары