$ 444.32  473.33  4.76

Алматыда вокзалда жүкті әйел босанып қалды

Алматы-1 теміржол стансасында әйел адам өзінің тұңғышын дүниеге әкелді. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл биылғы жылы болып отырған үшінші жағдай.
Дүйсенбі күні № 378 «Маңғышлақ-Алматы» пойызының жолсеріктері Шымкенттен Алматыға кетіп бара жатқан Сажида Маликова атты жолаушыны босандырып алды.

«Пойыз Шамалған стансасынан жолға шыққан соң әйелдің толғағы қыса бастаған. Пойыз бастығы Алматы-1 стансасына жедел жәрдем қызметін шақырды. Жолсеріктер Қаһарман Ділімбетов пен Бақытжан Жамантаев жолаушылардың арасынан медицина маманын іздестірді. Абырой болған Алтынай Жапабаева атты азаматша жедел жәрдем қызметі келгенше, әйелді босандыруға қолғабыс етті»,- деді ведомство өкілдері.

Жедел жәрдем қызметі келгенше Алматы-1 вокзалының жолаушылар вагонында әйелді босындыру жөнінде шешім қабылданған.

«Медицина мамандары мен пойыз бригадасы өкілдерінің бірізді қимылдарының арқасында қыз бала дүниеге аман-есен келді. Пойыз Алматы-1 вокзалында 40 минут аялдады. Бұл осымен сапар барысында дүниеге келген 3-ші нәресте»,-деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінің өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат



Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары