$ 446.49  475.38  4.79

Ағашқа найзағай түсіп, жүкті әйел мерт болды

Ростов облысының Шахты қаласында ағашқа жай түсіп, жүкті әйел мерт болды.

Сенбі күні Шахты қаласында найзағай кезінде бес адам ағаштың астына жасырынған. Алайда ағашқа жай түсіп, салдарынан жүкті әйел қаза тапты. Қалған төртеуі зардап шеккен.

"Жүкті әйел көз жұмды. Тағы төртеуі зардап шекті", -деп мәлімдеді РИА Новости порталына өңірдің шұғыл қызметіндегі дереккөз.
Кеше Ростов облысында күн бұзылды. Найзағай жарқылдап, күн күркіреген, кей жерлерде нөсер жауын жауды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары