$ 449.3  489.69  4.89

Ұлын құтқармақ болған әке өзенге батып кетті

Қайғылы жағдай бірнеше күн бұрын Глубокое ауданы, Карагужиха ауылында болды деп жазады Baq.kz.

10 жастағы ұл әкесімен бірге демалып жүрген. Тау етегіндегі өзеннің суық суына шомылуға не себеп болғаны белгісіз. Бала суға батып бара жатқан кезде әкесі суға секіріп, ұлын жағаға шығарған, бірақ өзі су ағынымен бірге ағып кеткен.

«Суға батқан ер адамның денесін іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылды. Оқиға орнынан 25 шақырымдық жерде суға ағып кеткен ер адамның денесі табылды», - дейді құтқарушы Валерий Лытарь.

ШҚО ТЖД қызметкерлері суға жүзу ережелерін сақтау керектігін, арнайы жабдықталмаған жерде суға түсуге болмайтынын ескертеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары