$ 449.3  489.69  4.89

400 мың теңге: Анасы ақша үшін 2 жасар қызын жыныстық қатынасқа түсірмек болған

АҚШ-тың Хьюстон қаласының тұрғыны 25 жастағы Мэри Питерс 40 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 1 200 доллар үшін (400 мың теңгеден аса) бейтаныс ер адамдарға 2 жасар қызымен бірге «көңіл көтеруді» ұсынған деп жазады Stan.kz.

Шериф округіндегілердің мәліметінше, полиция офицерлері әлеуметтік желіде Питерстің ұсынысын кездейсоқ көріп қалған. Хабарландыруда 2 жасар қыздың суреттері де болған.

Мэри Питерс 2018 жылы ақпан айында тұтқындалды. Сол күні әйел 2 жасар қызын алып, онымен жыныстық қатынасқа түсуге келіскен ер адаммен кездесу үшін қаланың шетіне бармақ болып, автобусқа отырған. Осы кезде оны детективтер аңдып жүріпті.

Әйел тұтқындалғаннан кейін, бүлдіршін балаларды қорғау жөніндегі қызмет өкілдеріне табысталды. Ал Питерстің өзі 40 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары