$ 443.85  474.3  4.8

Павлодарда көлік жүргізушісі белгісіз себеппен көз жұмды

Павлодарда көлік жүргізушісі Сәтпаев пен Торайғыров көшелерінің қиылысында белгісіз себеппен көз жұмды деп жазады pavlodarnews.kz.

Жол апатын тудырмау үшін Toyota Camry жүргізушісі жолдың шетіне тоқтап үлгерген. Бұл туралы сондағы куәгерлер айтты.  

Ақпаратты қалалық  Денсаулық сақтау басқармасы да растады. Жедел жәрдемді ер адамның халінің мүшкіл екенін байқап қалған жаяу жүргіншілер шақыртқан. Дәрігерлер 6  минутта келіп үлгеріпті.

«Оқиға орнына дәрігерлер келгенше 50-60 жас шамасындағы ер адам қайтыс болып кеткен. Алайда, көлік жүргізушінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз», – дейді Денсаулық сақтау басқармасы.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары