$ 448.89  477.93  4.76

Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді жер қожайыны атып кетті

Шымкентте қой бағып жүрген жасөспірімді белгісіз азамат мылтықпен атып кеткен. Оқыс жағдай 16-шы шілде күні кешкісін сағат 20:00 шамасында «Достық» шағынауданында болған деп жазады Оtyrar.kz.

Жасөспірім достарымен бірге қой бағып жүреді. Осы кезде жердің қожайыны жерді босат деп балаға келіп ескерту жасап кеткен. Бірақ ешнәрседен қауіптенбеген жеткіншек малын бағып жүре берген.

Арада аз уақыт өткен соң қымбат көлікпен келген жер қожайыны балаға бірнеше рет оқ атып, жаралап кеткен.

«Оқ атқан үлкен кісі. Мал жайып жүрген едім, малды бұл жерден шығар деді, шығармадым. Мылтықпен келіп атып кетті» дейді зардап шеккен жасөспірім.

Дәрігерлер зардап шеккен балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетіп, өмірін аман алып қалды. Мамандардың сөзінше, баланың бірнеше жеріне оқ тиген. Оқыс жағдайға байланысты тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары