$ 447.4  477.55  4.76

БҚО-да 13 жасар баланы ат сүйреп кетті

Оқыс оқиға 12 маусымда Теректі ауданындағы Сары Өмір ауылында болды деп жазады «Мой город».

2005 жылы туған жеткіншек Зеленов ауданына туыстарына қонаққа келген.

«Жайылымда жүрген жылқыларды көрген бала мінбекші болған. Алайда, тура отырған кезінде ат үркіп, оны сүйреп әкеткен. Бала бірнеше жерінен алған жарақаттан көз жұмды», – дейді ауылдық окургтің әкімі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, куәгерлер шұғыл түрде дәрігер шақырған. Алайда, олар келгенше бала қайтыс болып кетіпті.

Қазіргі уақытта баланың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары