$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды, себебі әлі анықталған жоқ деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Жол апаты Тимирязев және Марков көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, BMW 5 Тимирязев көшесімен шығыс бағытта келе жатады. Марков көшесін кесіп өткен соң, бұрылыста неге екені белгісіз жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік бір шетке шығып кеткен.

BMW қарсы беттік қозғалыс жолағын кесіп өтіп, бордюрден асады да, ағашқа бір-ақ соғылады. Көліктің артқы бөлігі әуеге көтеріліп, көше шамы бағанасына соғылған. Қатты соққылардан автокөліктің күл-талқаны шықты.

Жол апаты салдарынан BMW көлігінің екі жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Жүргізуші жеңіл-желпі жарақат алды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары