$ 446.49  475.38  4.79

БҚО-да белгісіз біреу үй иесін аяғынан атып кетті

Батыс Қазақстан облысында ер адамды үйіне келген бейтаныс адам атып тастады деп жазады Мой город.

Бұл оқиға Ақжайық ауданының Шапай ауылында болған. Оқиғаға куә болған тұрғынның айтуынша, ер адамды 17 шілдеде түнде атып кетіпті.

«Ер адамдар бір-бірімен көшеде сөзге келіп қалған. Содан кейін жәбірленуші өз үйіне келіпті. Біраз уақыттан кейін есігін біреу қаққан. Ойында ештеңе жоқ, есікті ашқаны сол екен, белгісіз біреу оны аяғынан тапаншамен атып кеткен», – дейді әйел.

Жәбірленуші бірден Ақжайық ауданының орталық ауруханасына жеткізіліп, аяғына ота жасалған.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілдері аяғынан жарақат алған жәбірленушінің жағдайы бірқалыпты екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары