$ 447.4  477.55  4.76

Қазақстандық актер дүниеден озды

Қазақстандық актер Бауыржан Оралбеков дүниеден озды. Қайғылы хабарды Нұртас Адамбай өзінің желідегі парақшасына жазды.

«Жанымды айтпай ұғар ағам әрі жанашырым өмірден озды.

Бұл қалай болғаны? Алдағы уақытта демалысымда өзіңе барып, кездесемін деп отырып, бүгін сенімен мәңгі қоштасқалы отырмын.

Соңғы кездесуде «бақыттысың ба?» деп сұрғанымда «бақыттымын» деп жауап беріп едің.

Сені танитындардың бәрі ақкөңіл екеніңді жақсы біледі. Отбасыңа көңіл айтамын», - деп жазды Нұртас Адамбай.

Айта кетейік, актер 17 шілде күні түнде қайтыс болды. Ол отандық бірнеше фильмге түскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары