$ 444.32  473.33  4.76

Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан

Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шаққан. Зиянды жәндіктен 4 адам Конго-қырым қанды безгегін жұқтырып, бір науқас көз жұмған. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті деп жазады ҚазАқпарат.

Басқарма басшысының сөзінше, кене шағу фактілері негізінен жайылымдар мен қоралары бар үйлерде тіркелген. Алайда, шомылатын орындар мен саябақтарда да жәндіктер көбейгені байқалған. «Биыл Түркістан облысында 2 мыңнан аса адамды кене шақты. Оқиғалар былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 387 жағдайға көбейіп отыр. Қазір жауапты мекемелермен жұмыс істеп жатырмыз. Айта кетейік, былтыр Конго-қырым қанды безгегін туғызатын кенелер 8 адамды шаққан. Оның екеуі қайтыс болды. Биыл бір адам көз жұмды», - дейді Серік Тұрбеков.

Өңірде кенеге қарсы дәрілеу жұмыстары қора-қопсылар мен жайылымдарда жүргізілген. Дегенмен сала мамандары кенелер кездесетін барлық жерлерді залалсыздандыру мүмкін еместігін айтуда. Сондықтан тұрғындарды мейлінше сақтық шараларын қолдануға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары