$ 443.85  474.3  4.8

Өзбекстанда 7-сынып оқушысы босанды

Өзбекстанның Наманған облысы Чартак ауданында 7 сынып оқушысы босанған. Бұл оқиғадан кейін аудандық халықтық білім беру басқармасы мұғалімдерді шұғыл түрде демалыстан шақыртып алған деп жазады centralasian.org.

Чартак ауданы халықтық білім беру бөлімінің меңгерушісі Шохиста Тургунова 7 сынып оқушысы босанды деген ақпараттың жалған екенін айтады.

"Жоқ, ол қыз босанбады. Тек гинекологиялық тексеру кезінде, өзіне қол жұмсайтынын айтып қалған. Сондықтан осы шудың бәрі көтеріліп кетті. Біз оның үйіне барып, проблеманы шештік", – дейді Тургунова.

Бірақ жергілікті аймақтың мұғалімдері қазір әрбір оқушыларының үйіне барып, ақпараттық таным жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтады.

Егер қыз бала кәмелеттік жасқа толмаса, оларды УЗИ-ге түсіруге кеңес беріледі екен.

Чартак ауданы ішкі істер бөлімшесінің қызметкері бұл ақпаратты растады. "Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді милиция өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары