$ 444.32  473.33  4.76

Денис Теннің қашан және қайда жерленетіні белгілі болды

19 шілдеде тонаушылар қолынан ажал құшқан қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді Дружба ауылында жерлейді. Спортшыны соңғы сапарға шығарып салу сенбі 21 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді деп хабарлады Қазақстанның мәнерлеп сырғанау бойынша бас бапкері Құралай Узурова.

Азаматтық жаназа 09.00-дан 10.30-ға дейін болады. 10.30-да Денис Теннің денесін Дружба ауылындағы зиратта жер қойнауына береді. Жаназа асы сағат 13:00-де болады, қай жерде өтетіні әлі белгісіз.

Кеше хабарланғандай, жерлеу рәсімін ұйымдастыруды Қазақстан мәдениет және спорт министрлігі мен Алматы әкімдігі мойнына алды.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары