$ 447.4  477.55  4.76

«Мен өмірді сүйем!»: Денис Теннің туған күнінде желіге жазған жантебірентерлік хаты

Алматыда ұрылардың қолынан қаза тапқан спортшы Денис Тен өткен жұма күні, яғни 13 шілдеде 25 жасқа толған еді. Әншінің Instаgram-парақшасын парақтай отырып, дәл осы туған күнінде жазған жан тебірентерлік жазбасына ұшырастық. Марқұмның соңғы хатын назарларыңызға ұсынамыз.

«Осыдан 25 жыл бұрын, дәл осы күні дүние есігін аштым. Атымды ағам қойды. Анам болса, есімді біле бастағаннан түрлі үйірмелерге берді. Әкем бізді асырады. Мен тек қана қамқорлықта өстім. Маған мүмкіндік бергендіктен конькимен сырғанадым. Музыкалық мектепке бардым. Өзіме берген бар мүмкіндікті пайдаландым.

Бойымда корей мен еврейдің қаны бар. Оған кінәлі емеспін. Егер бір нәрсе білер болсам, оны біреуден естігем немесе оқығам. Менің ойым да өзімдікі емес. Сонда мен кіммін? Не істедім? Қалай дегенмен осының бәрі мені бақытты етті.

Мен өмірді сүйем. Ата-анамды жақсы көрем. Адамдарды жақсы көрем. Жақсы көргенді жақсы көрем. Осыны бәріне айтқым келеді.

25 жасқа кеп әлемді басқаша қабылдай бастадым», - деп ішкі жан толқынысымен бөлісіпті.

Еске сала кетейік, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрлықтың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары