$ 445.66  474.58  4.78

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Қазақстандық спортшы Денис Теннің өліміне қатысы бар деген екінші күдікті ұсталды деп жазады Азаттық. Бұл туралы Қазақстан Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан мәлімет бойынша, 23 жастағы күдікті Арман Құдайбергенов Алматыдағы мектептердің маңында ұсталған.

Денис Тен ісінде екі күдікті бар. Оның бірі Нұралы Дәулетбекұлы Қиясов кінәсін мойындаған.

Шілденің 20-ы Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев: "1994 жылы Жамбыл облысында туған Нұралы Қиясов Дәулетбекұлы кінәсін мойындап түсінік берді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды" деп мәлімдеген.

19 шілдеде Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен 25 жасында пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары