$ 443.85  474.3  4.8

Алматыдағы автобустардың соқтығысуынан 18 адам жарақат алған

Алматыда екі автобустың соқтығысуы салдарынан 18 адам зардап шеккен деп жазады Tengrinews.kz Алматы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2018 жылы 22 шілдеде сағат 09.58-де жол апаты туралы жедел жәрдем станциясына хабар келіп түсті, оқиға болған жерге жедел жәрдемнің 10 бригадасы аттанды, бригадалар сағат 10.06-да жетті. Қаладағы емханаларға жеткізілгендер мен көмек сұрап барғандардың саны - 18, олар түрлі жарақат алған", - деп хабарлады басқармадағылар.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек көрсетіліп, тексерілді. "Зардап шеккендердің төртеуі ауруханаға жатқызылды. Медициналық көмекке жүгінгендердің арасында үш бала бар, олардың ата-аналары аурухаға жатудан бас тартып, олар үйлеріне босатылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда екі автобустың бетпе-бет соғылғаны хабарланған болатын. Жол апаты таңертең Достық даңғылының бойында Құрманғазы мен Абай көшелерінің ортасында, Қазақстан қонақүйіне қарама-қарсы жерде болды. Автобустардың біреуі аялдамадан өз бетінше жүріп кеткен (жүргізуші автобусты қойып, қол тежегішке тартып, өзі шығып кеткен).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары