$ 449.58  486.94  4.86

Қостанайлық полицейлер 18 жастағы бойжеткеннің өліміне күдіктінің фотороботын жариялады

Қостанайлық полицейлер 18 жастағы Дарья Махортованың өліміне күдіктінің фотороботын жариялады деп жазады Костанайские новости.

Алдын-ала ақпарат бойынша, күдікті шамамен 20-30 жас аралығында. Үстінде ақ жейде, торлы шорты киген.

Қыздың өліміне қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, 20 шілде күні із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы қыздың денесі Қостанай қаласының іргесіндегі орман алқабынан табылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары