02.08.2018, 09:11

Бүгін еліміздің кей облыстарында бұршақ, шаңды дауыл болады деп күтілуде

«Қазгидромет» РМК 2 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады деп жазады ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде найзағай жарқылдап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең солтүстігінде және орталықта тұман болады деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Павлодар, Қарағанды  облыстарының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.  Алматы, кей жерлерінде Маңғыстау  облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.