$ 445.66  474.58  4.78

Қостанай облысында араққа тойып алған жүргізуші әйел жедел жәрдем көлігін соғып аударып жіберді

Жол көлік оқиғасы «Рудный-Қостанай» тас жолында болған. Volkswagen Golf автокөлігін тізгіндеген әйел Қостанай бағытында кетіп бара жатқан жедел жәрдем көлігімен соқтығысты деп жазады alau.kz.

Қостанай қалалық ІІБ-ның инспекторы Алмат Қарымсақовтың айтуынша, жол апаты кезінде автокөліктегі әйел мас күйінде болған.

«Жедел жәрдем көлігі Жітіқара ауданынан науқас баланы Қостанайға алып бара жатқан. Оның ішінде дәрігерлерден басқа кішкентай қыздың әкесі де болған. Жол апаты күндізгі уақытта орын алды. Демалыс орнына апаратын жолдардың бірінен зытқып шыққан автокөлік жол бойында кетіп бара жатқан жедел жәрдемді соққан. Қатты соққыдан жедел жәрдем көлігі аударылып кеткен. Қайта ішіндегі адамдар аман қалды. Қазіргі кезде болған оқиғаға қатысты іс қозғалды», – деді Алмат Қарымсақов.

Ал көлік тізгініне алкогольдік ішімдік ішіп алып отырған әйел жүргізуші куәлігінен айрылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары