Жаңалықтар. Қазақстанның жаңалықтары

Қазақстан, Қазақ, Жаңалықтар, Тіл, Қазақша, Қазақша жаңалықтар, Әдебиет, Телеарналар, Газеттер, Радиолар, Електронды бақ, Дін, Ақпарат, Билік , Хабар,Азаттық, Қаз ақпарат , жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар бүгінгі, жаңалықтар қазақстан, жаңалықтар 2015, жаңалықтар қазақша, бүгінгі жаңалықтар қазақша, қазақстан жаңалықтары, жаңалықтар кз, Қазақша жаңалықтар

06.08.2018, 10:44

Қытай компаниясы Қостанайға теледидар мен монитор зауытын салмақшы

Қытайдың HKC Corporation Limited компаниясының акционерлері Қостанайдағы теледидар мен монитор шығаратын зауытқа 20 миллион доллар салады деп жазады Sputniknews.kz

Kazakh Invest баспасөз қызметінің мәліметінше, HKC компаниясы монитор және теледидар шығару бойынша қытай нарығындағы ірі өндірушілердің бестігіне кіреді.  

Қазақстанның солтүстігінде құрастыру зауытын салу жоспарланған. Инвестицияның бастапқы көлемі – 20 миллион доллар. Акционер жылына үш миллион дана техника шығармақ.  

HKC Corporation Limited вице-президенті Ли Джин атап өткендей, Қостанайдың Ресей мен өзге де ТМД елдерімен жақын орналасуы оның артықшылықтарының бірі ретінде қарастырылған. Қытай компаниясының басшысы таяу уақытта әлемдік деңгейге шығуды жоспарлап отыр.   

Егер жоба жоспар бойынша жүзеге асырылса, Қазақстанда 500 жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт қызметкерлері жергілікті халықтан алынады.

Зауыт келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда.   

Қазақстанда салынатын зауыттың баламасы Нидерландыда бар. Ондағы құрастыру цехы жылына екі миллион теледидар шығарады. 

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.