$ 445.66  474.58  4.78

Жолдасым мен екі баламның қауіпсіздігіне де алаңдап отырмын – Сайрагүл Сауытбай

Өткен аптада ғана сот залынан босап шыққан этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай дәл қазір үреймен өмір сүріп жүр. «Жолдасым мен балаларының қауіпсізгіне алаңдаймын» деген ол биліктен азаматтық беруді сұрады.

«Қазір менде пана іздеуші куәлігі ғана бар. Оған ризамын, бірақ жоғары лауазымды тұлғалардан босқын куәлігін алуыма көмек сұраймын. Одан кейін Қазақстан азаматтығын алғым келеді. Одан бөлек менің амандығым маңызды мәселе болып тұр. Жолдасым мен екі баламның қауіпсіздігіне де алаңдап отырмын», – дейді Сайрагүл Сауытбай.

Еске сала кетейік, Сайрагүл Сауытбай мамыр айының ортасында Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен тұтқындалған болатын. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 392 бабы 1 бөлігі бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан шартты жаза кесуге шешім шығарылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары