07.08.2018, 11:19

АҚШ-та қазақстандық үш әйел алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері АҚШ-та алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандық үш қызға қатысты пікір білдірді деп жазады Tengrinews.kz.

«Иә, біз қыздардың ұсталғанын растаймыз. Ұсталғандардың ішінде Қазақстанның үш азаматшасы бар. Екеуі қазір қамауда, ал біреуі денсаулығына байланыста қаладан кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Нью-Йорктің Оңтүстік округінің прокурорының өтініші бойынша олар 20 жылдан 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылу мүмкін», - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Нью-Йорктегі Қазақстан консулдығының өкілдері АҚШ-та ұсталған азаматшалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау бойынша қажетті барлық консулдық-құқықтық көмекті көрсетіп жатыр. ҚР СІМ ресми өкілі 1994, 1991 және 1970 жылғы үш азаматшаның ұсталғанын айтты.

«Бұл АҚШ-тағы ірі алаяқтық болды. 25 адам ұсталды. Раритетті көліктерді сатумен айналысқан алаяқтардың ісі, келтірілген шығынның жалпы сомасы - 4,5 миллион доллар», - деді Смадияров.

РИА Новости мәліметінше, шілде айының соңында АҚШ-тың Әділет министрлігінің өкілдері Федералды қауіпсіздік бюросы өкілдерінің 25 адамның көлік сатуда алаяқтық жасады деп айыпталып жатқанын хабарлады. Оңтүстік округтің прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Ресейдің жеті азаматы, Грузияның бес азаматы, Әзірбайжанның төрт азаматы және Қазақстанның үш азаматы, Латвияның екі тумасы, Украинаның екі азаматы болған. Сондай-ақ, айыпталғандардың ішінде АҚШ пен Түркия азаматтары бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін үш қазақстандық пен тағы 22 адамның АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатқаны хабарланған болатын. Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылады.

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.