08.08.2018, 11:08

Астана қаласының әкімі мен Динара Сәтжан жаңа оқулыққа енгізілген

«Өлкетану» оқулығын білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Алматы кітап баспасы» басып шығарды. Екі тілде шыққан оқулық 5-7 сынып оқушыларына арналған. Жаңа оқу құралындағы материалдар Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география бойынша негізгі мектеп бағдарламасын қайталамай, толықтырады дейді кітап авторлары.  

Оқу бағдарламасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен «Туған жер» мемлекеттік бағдарламасының негізінде жазылған. Бағдарламаның мақсаты —  өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастырып, Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

«Біздің баспаның Қазақстанның салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы бойынша кітап басып шығарудан үлкен тәжірибесі бар. Осы баспадан шыққан «Менің Қазақстаным» топтамасы көпшілікке белгілі. Еліміз тарихының жарқын беттері, оның мәдениеті, салт-дәстүрі мен тұрмысы, бірегей географиялық нысандары және басқалары туралы мәліметтерді біздің көркем безендірілген альбомдардан табуға болады. Біздің осы тәжірибеміз «Өлкетану» сияқты жаңа қызықты пәнді қалыптастыруға үлкен көмегін тигізді. Осы оқулықты бізбен бірге жасап шығарған ғалымдарға, авторларға, эксперттерге үлкен алғысымызды білдіреміз», – деді «Алматы кітап баспасы» ЖШС-ның бас редакторының орынбасары Альмира Сужикова.

Оқулық Қазақстанның барлық облысы мен ірі қалаларының тарихы мен мәдениеті, әдебиеті негізінде жазылған. Сонымен қатар, әр облыста дүниеге келген танымал тұлғалар жайлы да ақпарат бар.  

Оқулықта төрт пән кірген: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка және география. 

Кітап авторларының айтуынша, «Өлкетануды» мектепте оқытуға бір жылға 20 сағат бөлініп отыр. Арнайы жаңа маман даярлаудың қажеті жоқ. 20 cағаттың 12-сін тарих пәнінің мамандары жүргізеді. Жиырма сағаттың 5-еуі  5-сыныпқа, 7 сағат 6-сынып оқушыларына, ал қалған 8 сағат жетінші сынып оқушыларына арналған. 

Алматы қаласы бойынша жазылған «Өлкетану» оқулығын 8 автор бір жылда жазған. 

Ал Астана қаласы жайында жазылған оқулықтың ішінде танымал блогерлер де жүр. Олардың арасында Астана қаласының әкімі – Әсет Исекешев, тележүргізуші Майя Бекбаева, журналист Динара Сәтжан бар. 

Жалпы, оқулық қазақ тілінде жазылған. Орыс тіліне аударма жасалыпты. 

Ал оқулықтың таралымы тапсырыс беруші облыстарға байланысты. Алайда авторлардың айтуынша, алдағы уақытта еліміздің мектептеріндегі 5-7 сынып оқушыларының барлығы жаңа оқулықпен қамтылады. 

Дереккөз: Sputniknews.kz

Telegram-каналға жазылып, бәрінен хабардар болыңыз!

Тағы да оқыңыздар:
Загрузка...
SN туралы      Жарнама

      info.skifnews@gmail.com

«SN.kz» ақпараттық порталына гиперсілтеме жасалған жағдайда ғана материалдарды қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан дәйексөз алынғанда міндетті түрде сілтеме жасалуы тиіс. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда материалдарды коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды.

   

Skifnews жаңалықтарын Facebook-те
оқу үшін "Нравится" белгісін басыңыз

  

 

©2016-2018 Skifnews.kz. Авторлық және жарнама құқықтар толығымен сақталады.