$ 447.4  477.55  4.76

ШҚО-да екі ұлымен суға ағып кеткен имамның мәйіті табылды

ШҚО-да ұлын құтқарамын деп суға батып кеткен имамның мәйітін тапты деп жазады Tengrinews.kz.

«Жергілікті тұрғындар, полиция қызметкерлері және құтқарушылар тобы іздестіру кезінде кеше 1982 жылғы ер адамның мәйітін тапты. Оқыс оқиға болған күннен бастап елуге жуық адам имам мен оның екі ұлының денесін күн сайын іздеуге шықты. Өзенге батып кеткен баланың денесі 1 тамыз күні табылған болатын. Қазір 1999 жылы туылған жасөспірімнің мәйіті іздестірілуде», – деді ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Имам мен екі ұлы маусым айының соңында ШҚО-дағы Боран ауылына жақын орналасқан Қара Ертіс өзеніне ағып кеткен болатын. 8 жасар бала шомылуға тыйым салынған аумақта суға түскен. Қатты ағыс баласын алып кетіп бара жатқанын көріп, 36 жастағы имам оны құтқармақ болған. Әкесінің артынан інісін құтқарамын деп 19 жастағы ағасы да суға секіреді. Алайда, әкесі мен екі ұлы да өзен ағысымен бірге суға ағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, оқиға бір мезетте болыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары