$ 448.15  483.46  4.86

Оралда 9 жасар бала көлік айдап, көпір жанындағы тірекке соғылды

9 жасар бала белгісіз біреудің Toyota маркалы көлігін ұрлап кеткен деп жазады Мой город.

Бұл оқиға 9 тамыз күні сағат кешкі 22.00 шамасында Омега көпірінің маңында болған. Айдап кеткен автокөлік сол аудандағы «Теремок» дүкенінің қасында тұрған екен.

«Мен досымның үй жағына барған болатынмын. Ол жерде біраз отырып қалдым. Бір уақытта кетейін десем, көлігім жоқ. Көліктің есігі ашық қалған болу керек. Себебі кілті өзімде. Бала көлікті өзі оталдырған», – дейді автокөліктің иесі  Юрий Васильев.

Көлікті айдап кеткен бала көпірдің жанындағы тірекке барып соғылған. Абырой болғанда зардап шегушілер жоқ.

Айта кетсек, бұл бала осыдан үш күн бұрын ғана Suzuki  автокөлігін дәл осылай айдап кеткен болатын. Жолда ол басқа көлікке соқтығысқан. Бұл кезде  бала полиция қызметкерлеріне көлік айдауға оны досы итермеледі деген еді. Ал әкесі болса, ол уақытта баласының үйде сабақ оқып отырғанын айтқан болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары