$ 448.15  483.46  4.86

6 адам қаза тапты: Қарағанды-Балқаш тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Қарағанды-Балқаш тасжыолндаа Lexus ES-300 пен Nissan Juke соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 10 тамызында Қарағанды облысының Бектау ата ауылынан 10 шақырым жерде болған. Алдын ала келіп түскен ақпараттар бойынша, Lexus ES-300 жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыстың жолына шығып, алматылық Nissan Juke көлік жүргізушісіне барып соғылған.

Жол-көлік оқиғасының видеосы әлеуметтік желіде таралған.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lexus ES-300 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы және Nissan Juke көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушылары алған түрлі жарақаттан оқиға орнында жан тапсырды. Nissan Juke-тың екі жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді» , - деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері.

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары