$ 448.15  483.46  4.86

«Бет-аузымды көгертті»: Үржар ауданында полицейлер әйелді есігі жабылмаған көлікпен күштеп алып кетті (ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында полицейлер әйел адамды күштеп алып кетті. Олардың видеосы Instagram-парақшасындағы Qazaqstanda тобында жарияланған.

Видео авторы кадр сыртында «Қашып бара жатыр. Қашпаңдар. Қайда бара жатырсыңдар? Облыс әкіміне арыз жазамын» деп жол-патрульдік полициясының көлігіне аяңдайды.

Автокөлік ішінде отырған 50 жас шамасындағы әйел өзін құқық қорғаушылардың күштеп алып бара жатқанын айтады.

«Бет-аузымды көгертті. Маған қоқан лоқы жасады. Жұмыс істегенімізге кінәліміз бе сонда?», - деп ол видеоны желіге таратуын сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары