$ 449.3  489.69  4.89

«Кәсіпкерлікті қолдау»: Астанада сот орындаушысының көзінше дәмхана иесі өзін атып өлтірді

Астанада дәмхана иесі сот орындаушысының көзінше өзін атып өлтірді деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға 16 тамыз күні Қарағанды мен Павлодар трассаларына апаратын айналма жолдың бойында болған екен.

"Қарағанды мен Павлодар трассаларының арасындағы заңсыз салынған дәмхананы сот шешімімен сот орындаушысы бұзу кезінде дәмхана иесі өзін атып өлтірді", - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Қазіргі таңда бұл оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #микс