$ 446.49  475.38  4.79

Түркіменбасының кезекті еркелігі: президент қатысатын автобәйгеге әр облыс 7 мың көрерменнен бөледі

Түркіменстанда "Амуль-Хазар 2018" халықаралық авторалли бәйгесіне әрбір уәлаяттан 7 мыңдай адам баруы керек деп хабарлайды Азаттықтың түркімен қызметі.

"Президенттің өзі қатысатын автобәйгеге әрбір облыстан мейрамды өткізуге атсалысатын топтар іріктелініп алынуы тиіс. Бұлар келесі аптаның сәрсенбісіне дейін жиналып, дайындық жұмыстарын бастауы тиіс", - дейді ашхабадтық шолушы Аманмұрат Бугаев Балкан уәлаяты әкімдігіндегі дереккөзіне сілтеме жасап.

Бугаевтың айтуынша, әрбір облыс 1 қыркүйекке дейін жарысты тамашалайтын 7 мың адамның тізімін беруі керек. Олар автобәйге жолында көрермен болып, жарысқа қатысушыларға қолдау көрсетіп тұрады дейді шолушы.

Түркімен медиасының хабарлауынша, Қарақұм жазығында өтетін автобәйгенің жолы 1500 шақырым.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары